06 Мамыр 2022
Страницы "Тереңсай жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Түсінік хат

 

Еліміздің болашағы-ұрпақ тәрбиесінде, өркениет қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін,еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын,кәсіби біліктілігін,білімділігін қажет етеді. Сонау көне  заманнан бастап қазіргі кезеңге дейін, болашақта қоғам алдында  тұрған  ең бір  жауапты  міндет-қоғам   мүшелерін  адамгершілікке,отаншыл қасиетке тәрбиелеп тиянақты білім беру.Мұндай жетістіктерге жету үшін,оқу-тәрбие үрдісімен бірге психологиялық қызмет те жан-жақты қамтылып,жоспарлы түрде жүргізілуі керек.Сондықтан мектепте 2015-2016 оқу жылына арналған психологиялық қызмет жоспарын  жасауда Қазақстан Республикасының  2007 жылғы  27 шілдедегі «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрінің 2015 жылғы  22-сәуірдегі №227  бұйырығы мен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық  негіздері, «Неке және отбасы» туралы, «Бала құқықтары туралы»   «Кәмелетке толмаған  арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын- алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, «Саламатты Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасы,2011 жылдың  20 желтоқсандағы №528 бұйрығымен Орта білім беру ұйымдарында психологиялық  қызметтің  жұмыс  істеу қағидасы,Ақтөбе облысының әкімдігінің  14 07 2015 жылғы   №257 қаулысымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары»басшылыққа алынды.

Психологиялық қызмет жоспары оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен, дарынды оқушылармен, ерекше назарды қажет ететін оқушылармен жұмыс негізінде  құрастырылды.Жоспар барысында диагностикалық жұмыстар,түзету дамыту жұмыстары,кеңес беру жұмысы,ағартушылық  жұмыстары,әлеуметтік диспечерлік  жұмыс бағыттары жүзеге   асырылады.Оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық шаралар, тренингтер, сауалнамалар, зерттеу әдістемелері тәрізді  жұмыс түрлері ұйымдастырылады.

 

Мектептің өзекті мәселесі:

Оқушылардың функционалдық  сауаттылығын дамытуда оқу-тәрбие үрдісінде

белсенді оқыту мен оқу тәсілдерін тиімді пайдалану.

 

 

Мақсаты:

Оқу-тәрбие үрдісінде психологиялық заңдылықтарды ескере отырып,жеке тұлғаны қалыптастыру ,оқушылардың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалдарын дамыту,психологиялық деңсаулығын сақтау.

 

Міндеті:

- Оқушының жан-дүниесін  түсіну.

- Әр баланың толық психологиялық және тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін психологиялық ахуал туғызу.

- Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда таным үрдістерінің дамуына жол ашу.

 

Проблемасы: 

Оқушылардың жекелік қасиеттерін, ұжымдық және жеке дара психологиялық ерекшеліктерін  анықтау.

 

Жаңалыктар